ESCO MIRI TIME-LAPSE ИНКУБАТОРЫ

Товар отсутствует

*Информация о внешнем виде товара, технических характеристиках, комплекте поставки, стране изготовления носит справочный характер. Внешний вид товара/изделия может отличаться от представленного на фотографии. Полная информация о товаре, изготовителе, комплектации, технических характеристиках и функциях содержится в технической документации.

Өндіруші: AT Medical Ltd, Литва

Қолдану саласы: Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ).

ESCO Miri Time-Lapse инкубаторы – 84 эмбрионға арналған тайм-лапс бақылау мүмкіндігі бар көп камералы үстел үсті CO2/O2 инкубаторы.

Ол экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) кезінде гаметалар мен эмбриондардың дамуына қажетті бақыланбалы температура мен CO2/O2 деңгейлерін сақтап тұратын ортаны қамтамасыз етуге арналған.

Бұл инкубатор үлгісінде микроскоп пен эмбриондардың дамуын визуалды бақылау жүйесі орнатылған, ол эмбриологтарға тікелей бөліну, фрагментация және көпядролылық сияқты даму ауытқуларын анықтауға мүмкіндік беріп, тасымалдау үшін ең лайықты эмбрионды таңдауға көмектеседі.

Инкубатор ұрықтандыру сәтінен бастап дамудың 5-ші күніне дейін 120 сағат бойы бақылауға арналған.

Камералардағы тостағандарды тікелей қыздырудың арқасында ол әдеттегі инкубаторлармен салыстырғанда оңтайлы температуралық жағдайларды қамтамасыз етеді.

Камерадағы температура қақпақ ашық болғанда да 1°C диапазонында тұрақтылықты сақтап қалады және қақпақ жабылғаннан кейін 1 минут ішінде қалпына келеді.

ESCO Miri Time-Lapse инкубаторында культураларды жылытуға арналған 6 тәуелсіз камера бар, және әрқайсысында камера мен қақпақтың температурасын бақылап-реттейтін 12 толығымен тәуелсіз ПИД (пропорционалды-интегралды-дифференциалды) температура реттегіштері орналастырылған.

 

Басты артықшылықтар:

  • эмбриондарды қауіпсіз және мұқият күтуге арналған толығымен тәуелсіз 6 қыздыру камерасы бар;
  • жалпы сыйымдылығы 6 CultureCoin тостағаны (84 эмбрион – бір тостағанда 14 эмбрион);
  • бір камераның температурасы басқа камераның температурасына еш әсер етпейді;
  • қақпақ ашылғаннан кейін температура <1 минут ішінде қалпына келеді;
  • қақпақ ашылғаннан кейін газ концентрациясы <3 минут ішінде қалпына келеді;
  • қыздырылатын қақпақтар конденсацияны болдырмайды және температураның реттелуі мен қалпына келуін оңтайландырады;
  • қақпақтың температурасы инкубатордың түбінің температурасына әсер етпеуі үшін әр камераның үстіңгі мен астыңғы жағы PET (полиэтилентерефталат) қабатымен бөлінген
  • өте төмен өткізу жылдамдығымен ерекшеленетін қос сәулелі инфрақызыл CO2 сенсоры CO2 деңгейін қадағалап тұрады; 
  • медициналық қолданысқа арналған химиялық оттегі сенсоры O2 деңгейін қадағалап тұрады;

·        жүйедегі газ 10 минутқа жетпей толығымен ауысады;

·        валидацияны жүргізу мақсатымен әр камераның ішіне инкубатордың басты электроникасынан бөлек дербес электр контуры бар PT-1000 сенсоры орнатылған, бұл толық автономды валидация жүйесін қамтамасыз етеді;

·        кіріктірілген рН деңгейін өлшеу жүйесі бар;

  • ауа үнемі HEPA/VOC сүзгілерімен және ультракүлгін сәулеленумен тазартылып тұрады;
  • үлкен және қарауға ыңғайлы жарықдиодты LED-дисплей;
  • үстіңгі әйнек қақпақтарды жазбалар үшін пайдалануға болады;
  • сыртқы дабыл порты арқылы ескерту сигналдары беріледі.
  • Жалпы өлшемдері (ҰхЕхБ) – 950х600х370 мм;
  • Тостағандардың жалпы сыйымдылығы – 6 CultureCoin тостағаны және 84 эмбрион (бір камерада 1 CultureCoin тостағаны мен 14 эмбрион).
  • Электр қуаты – 230 В, 50/60 Гц;
  • Температура диапазоны – 25°С-40°С;
  • Газ шығыны (СО2) – ˂ 2 л/сағ;
  • Газ шығыны (N2) – ˂ 12 л/сағ;
  • СО2 бақылау диапазоны – 1,9-10%;
  • N2 бақылау диапазоны – 5-20%;
  • Кіріс газының қысымы (СО2) – 0,6 бар;
  • Кіріс газының қысымы (N2) – 0,6 бар;
  • Кіріктірілген микроскоп – 20x Zeiss, объективтің сандық апертурасы – ​​0,35, 635 нм жарықтандыруға бейімделген;
  • Эмбриондарды жарықтандыру – жалғыз қызыл 1Вт-жарық шығаратын диодтың (635 нм) көмегімен 0,064 сек/бейне;
  • Камераның ажыратымдылығы – 1280x1024, монохромды, 8 бит, IDS жүйесі;
  • Оптикалық түтік қатынасы – 2,22 пикс/мкм;
  • Бейненің фокалдық жазықтықтары – 3-7 фокалдық жазықтықта 5 минут сайын бейнелеу;
  • Таза салмағы – 90 кг;
  • Қаптамадағы салмағы – 115 кг;
  • Қаптама өлшемдері – 1060х700х400 мм.

Мыс немесе пластик (медициналық пластик) түтіктерінің көмегімен CO2 және N2 газ желілерін тарту қажет.

БІЗДІҢ БРЕНДТЕР

Кері қоңырауға тапсырыс беру