- 1990 ж. негізі қаланған «De Soutter Medical Ltd» компаниясы (Ұлыбритания) электрохирургиялық құралдардың жетекші еуропалық өндірушісі болып табылады.
- Компанияның мақсаты – тез дамып келе жатқан жаһандық денсаулық сақтау нарығына арналған заманауи эргономикалық хирургиялық жабдықтарды жасап шығару және өндіру.
- «De Soutter Medical Ltd» өнімдерінің ассортименті ең алдымен ортопедия мен травматология нарығына бағытталған. Оған қоса компания артроскопия, жақ-бет/ отоларингология хирургиясы, кардиоторакальды, нейро, жұлын және пластикалық хирургияларға арналған күш жабдықтарын да жасап шығарады.
- Бүгінгі таңда «De Soutter Medical Ltd» 800-ден астам өнімді шығара отырып, клиенттерге қызмет көрсетудің үздік сапасымен ерекшеленетін өндіруші ретінде беделін сақтап келеді.