- Agilent Technologies – американдық бақылау-өлшеу аспаптарын, электрондық медициналық және химиялық талдау жабдықтарын өндіруші компаниясы.
- Кәсіпорын өнімдерінің көпшілік бөлігі 1939 ж. негізі қаланған американдық Hewlett-Packard компаниясымен шығарылған. 1999 ж. HP компаниясының тестілеу мен өлшемдеу, химиялық талдау мен медициналық бөлімшелері жеке Agilent Technologies компаниясын құрды. Содан бері Agilent Technologies компаниясы инновациялары үшін жүздеген марапаттарға және көптеген өнертабыс патенттеріне ие болды.
- 2011 жылы Agilent заманауи секвендеу технологияларын дамытумен айналысатын Швецияның Уппсала қаласында орналасқан Halo Genomics компаниясының иегері болып, өзінің биохимия бөлімшесін кеңейтетінін жариялады.
- 2012 жылы Agilent Technologies өзінің биотехнология саласындағы ықпалын кеңейту мақсатымен қатерлі ісік диагностикасымен айналысатын даниялық DAKO компаниясын иеленеді; ал 2016 жылы генетикалық тестілеу саласында озық технологиялар мен өнімдерге ие Еуропаның жетекші диагностикалық Multiplicom N.V. компаниясын сатып алады.
- Agilent компаниясының өнімдерінің ассортименті келесі негізгі салаларды қамтиды: диагностика және геномика, иммуногистохимиялық зерттеулер, тіндегі будандастыруды зерттеу, гематоксилин мен эозинмен бояу, ДНҚ мутациясын анықтау, генотиптеу, ген көшірмелерінің санын анықтау, хромосомдық аберрациялар мен ДНҚ метилизациясын анықтау, ген экспрессиясының сандық талдауын жүргізу, сондай-ақ сынамаларды талдаудың гель электрофорезіне негізделген автоматты жүйелері.
- Agilent Technologies компаниясының штаб-пәтері Калифорнияда (АҚШ) орналасқан. Компанияның 40 мемлекетте 47 000-нан астам қызметкері бар. Өндірушінің ассортименті әлемнің 120 мемлекетінде сатылатын 7000-нан астам тауарды қамтиды.
- Компания құрамына сонымен қатар Калифорния штатының Пало-Альто қаласында орналасқан Agilent Technologies ғылыми-зерттеу лабораториялары (Agilent Labs) кіреді. Бұл зертханалар әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарының бірі болып табылады. Agilent Technologies лабораторияларында электроника, химиялық талдау, биотехнология, электронды және оптикалық материалдар мен құрамдас бөлшектер, сондай-ақ өлшеуіш жүйелер мен кешенді шешімдер салаларында зерттеулер жүргізеді.
- «ВизаМед Плюс» ЖШС 2015 жылдан бері «Agilent Technologies» компаниясымен молекулярлық диагностика саласында бірге қызмет істеп келеді.