«ВизаМед Плюс» ЖШС компаниясы барлық жеткізілетін медициналық жабдықтарды сервистік, кепілдік және кепілдіктен кейінгі мерзімдегі қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді.
Сертификатталған сервистік инженерлеріміз орнату және монтажға қойылған талаптардың тізбесін алдын ала ұсынады, орнату алдындағы сараптаманы жүргізіп, жабдықты орнатуды, техникалық баптауды, іске қосуды және сынауды, сондай-ақ оны пайдалану бойынша оқытуды жүргізеді.
Біздің мамандар барлық соңғы технологиялық жетістіктерден, жетілдірулерден және жаңа өнімдерден хабардар.
Әлемнің жетекші өндірушілерімен тығыз ынтымақтастық бізге жоғары деңгейде техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.
Сондай-ақ, мұндай ынтымақтастық бізге медициналық техниканың қосалқы бөлшектері мен құрамдас тетіктеріне тікелей тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Бұл барлық қажетті техникалық жұмыстардың жоғары білікті инженерлердің қолымен түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып және ең қысқа мерзімде орындалатынына кепілдік береді. Сонымен қатар, компания мамандары медициналық орталықтарда, жаңа бөлімшелерде, мамандандырылған зертханаларда – барлық дерлік медициналық мекемелерде жаңа жобаларды іске асыру барысында консультациялық қолдау көрсете алады.Бұл мекемелерді жайғастыруға, медициналық жабдықтарды орналастыруға, тапсырыс берушінің бюджеті мен мақсаттарына сәйкес жабдықтардың оңтайлы жиынтығын таңдауға да қатысты.