- Abbott Molecular – 1888 ж. Чикагода (АҚШ) негізі қаланған Abbott ірі ұлтаралық корпорациясының бөлімшелерінің бірі.
- Жұқпалы және онкологиялық аурулардың молекулярлық диагностикасы мен мониторингі саласының көшбасшысы бола отырып, компания өнімдерді өндіру мен оларды коммерцияландырумен 25 жылдан астам сәтті айналысып келеді.
- Abbott Molecular ДНҚ, РНҚ және ақуыздарды молекулалық деңгейде диагностикалау мен талдауға арналған инновациялық әрі жоғары технологиялық әдістерді дамытуға баса назар аударады. Бұл аурулардың ерте диагностикасына, дәрігердің науқастарды емдеу кезінде оңтайлы тактиканы таңдау мүмкіншілігін кеңейтетін медициналық амалдарды жекелендіруге және аурудың рецидивтерін бақылауға мүмкіндік береді.
- Компания 130-дан астам мемлекетте өз өнімдерін ұсына отырып, бүкіл дүние жүзі бойынша ғылыми-зерттеу, өндірістік және логистикалық орталықтарының кең желісіне ие.
- Қазіргі уақытта Abbott Molecular онкологиялық аурулар, генетикалық патологиялар мен жұқпалы аурулардың диагностикасы және зерттеулерді автоматтандыру салаларында 450-ден астам өнімді әзірлеп, нарыққа шығарады.
- Компанияның Молекулалық және жасушалық биология бөлімі түрлі хромосомалық абберацияларды анықтауға, онкологиялық аурулар, туа біткен және тұқым қуалайтын патологиялармен байланысты хромосомалар санының өзгеруін тиімді және жылдам анықтауға арналған Abbott Molecular (Vysis®, АҚШ) компаниясы шығаратын ДНҚ-FISH өнімдерінің кең ауқымын, сондай-ақ зерттеулерді автоматтандыруға арналған шешімдері ұсынады.
«ВизаМед Плюс» ЖШС 2014 жылдан бастап Abbott Molecular компаниясының молекулалық диагностика саласындағы дистрибьюторы болып табылады.