MediSter 10 Essential – медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған үстел үсті ЖЖ-қондырғысы

Товар отсутствует

*Информация о внешнем виде товара, технических характеристиках, комплекте поставки, стране изготовления носит справочный характер. Внешний вид товара/изделия может отличаться от представленного на фотографии. Полная информация о товаре, изготовителе, комплектации, технических характеристиках и функциях содержится в технической документации.

Өндіруші: METEKA GmbH, Аустрия

 

Қолдану саласы: Инфекцияланған қалдықтарды («Б» және «В» санаттары) қауіпсіз әрі экологиялық таза әдіспен басқару мақсатымен медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған жүйелік шешім. METEKA кешенді жүйесі денсаулық сақтау мекемелері, зертханалар, ғылыми орталықтар мен өнеркәсіп кәсіпорындарындағы инфекцияланған қалдықтарды басқаруға арналған.

 

Ұсынылатын нұсқалар: MEDISTER 10 және MEDISTER 10Essential (8 л.), MEDISTER 20 (20 л.), MEDISTER 60 (30 л.), MEDISTER 160 (60 л.).

 

Берік дизайн

MEDISTER 10Essential қондырғысының механикалық және электрлік компоненттері ұнтақпен қапталған болат қаптамада орналасқан. Арнайы MEDITAINER MTC 10 қоқыс контейнерлері тот баспайтын болаттан жасалған өңдеу камерасында залалсыздандыру үшін жасап шығарылған. Олар сондай-ақ ластанған материалдарды жинау мен тасымалдау үшін қолдануға арналған.

 

Ең жоғары сенімділік

MEDISTER 10Essential қондырғысында инфекцияланған қалдықтар арнайы микротолқынды технологияның көмегімен ылғалды-жылулық өңдеудің арқасында залалсыздандырылады. Бұл тіпті құрамы біркелкі емес қалдықтардың да біркелкі қызуын қамтамасыз етеді.

 

Оңай, жылдам және экологиялық таза

MEDISTER 10Essential қондырғысының жоғары жиілікті (ЖЖ) қыздыру арқылы толық автоматтандырылған залалсыздандыру технологиясы жұмысты тез, таза әрі иіссіз жүзеге асырады. Ол не бу генераторын, не қысым компоненттерін қажет етпейді. Қондырғының ықшам дизайны, орнату оңайлығы, энергия үнемділігі мен тиімділігі, сондай-ақ сервистік және техникалық қызмет талаптарының төмендігі оны тіпті инфрақұрылымы нашар аймақтарда да қолдануға қолайлы етеді.

 

Нақты құжаттама

Залалсыздандыру циклінің барысында қондырғы барлық мәліметтерді (өңдеу температурасы, күні, уақыты, цикл ұзақтығы) құжаттап, қағаз нұсқасында басып шығаруға мүмкіндік береді. Кез келген қате туралы хабарламалар экранда көрсетіледі. Дезинфекцияланған қалдықтар контейнердің ішіндегі қоқыс қапшығымен бірге қарапайым тұрмыстық қалдықтар сияқты жойылады.

METEKA гигиена жүйесі денсаулық сақтау мекемелері мен зертханалардағы инфекцияланған қалдықтарды басқарудың тәжірибеде дәлелденген кешенді шешімі болып табылады. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған MEDISTER ЖЖ-қондырғысының көмегімен қалдықтар дәл сол жинау мен тасымалдау үшін қолданылған қоқыс контейнерінде өңделеді. Осылайша, инфекциялық агенттермен ластанудың алды алынады. Еш инфекцияланған қалдықтар жиналған орындарынан тыс шықпайды. Сәтті дезинфекциялау циклінен кейін залалсыздандырылған қалдықтары бар қоқыс қапшығы қарапайым тұрмыстық қалдықтар сияқты жойылады, ал MEDITAINER контейнерлері қайта пайдалануға жатады.

 

MEDISTER 10essential келесі микроағзалардың жойылатындығына кепіл береді:

·         Барлық вирус түрлері: мысалы, А, В, С гепатиттері, АИВ, полиомиелит, Эбола, SARS, MERS және т.б. 

·         Барлық вегетативті бактериялар: мысалы, ішек таяқшасы,  стафилококктар, стрептококктар, туберкулез микробактериялары, сондай-ақ күйдіргі, сіреспе, тырысқақ пен сүзек қоздырғыштары және т.б.

·         Сібір жарасы бациллаларының споралары

·         Барлық паразиттер мен саңырауқұлақтар

 

Залалсыздандырудын сертификатталған және дәлелденген тиімділігі

Жоғары жиілікті қыздыру арқылы заласыздандыру технологиясы A, B, C тиімділік диапазонына жетіп (Роберт Кох институтына сәйкес), төзімділігі жағынан I-IV сатыдағы микроағзаларды жояды [үлгі штамы: bacillus atrophaeus (subtilis) споралары, микроағзалардың азаю дәрежесі >5 log10].

 

БІЗДІҢ БРЕНДТЕР

Кері қоңырауға тапсырыс беру