ESCO MIRI ҮСТЕЛ ҮСТІ ИНКУБАТОРЫ

*Информация о внешнем виде товара, технических характеристиках, комплекте поставки, стране изготовления носит справочный характер. Внешний вид товара/изделия может отличаться от представленного на фотографии. Полная информация о товаре, изготовителе, комплектации, технических характеристиках и функциях содержится в технической документации.

Өндіруші: AT Medical Ltd, Литва

Қолдану саласы: Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ).

ESCO Miri үстел үсті инкубаторы CO2/O2 мультигазды инкубаторларының жаңа буыны болып табылады. Ол экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) кезінде гаметалар мен эмбриондардың дамуына қажетті бақыланбалы температура мен CO2/O2 деңгейлерін сақтап тұратын ортаны қамтамасыз етуге арналған.

Камералардағы тостағандарды тікелей қыздырудың арқасында ол әдеттегі инкубаторлармен салыстырғанда оңтайлы температуралық жағдайларды қамтамасыз етеді.

ESCO Miri инкубаторында камералар мен үстіңгі қақпақтың қыздыру жүйесін бақылап-басқаратын 12 жеке температуралық сенсоры бар культураларды жылытуға арналған 6 толығымен тәуелсіз камера орналасқан.

Оңтайландырылған қыздыру плиталары түрлі тостағандармен жұмыс істеуге бейімделген: мысалы, Falcon, LifeGlobal/GPS, Nipro, Nunc, SparMED, Vitrolife.

ESCO Miri инкубаторының жалпы дизайны өсірілетін эмбриондарға минималды стресс ортасын қамтамасыз етеді. 6 камералы инкубатор айқас ластануды болдырмайды, ал HEPA+VOC сүзгісі ауа ағынын тазартып тұрады. Камералар бір-бірінен тәуелсіз, сондықтан кез келген ақаулықтар, мысалы, қақпақты ашудың кесірінен температураның төмендеуі, жүйенің басқа бөлігінің жұмысына әсер етпейді.

 

Басты артықшылықтар:

  • эмбриондарды қауіпсіз және мұқият күтуге арналған толығымен тәуелсіз 6 қыздыру камерасы бар;
  • жалпы сыйымдылығы 48 стандартты тостаған;
  • жылуды тікелей тасымалдаудың арқасында температура <1 минут ішінде қалпына келеді;
  • қақпақ ашылғаннан кейін газ концентрациясы <3 минут ішінде қалпына келеді;
  • қыздырылатын қақпақтар конденсацияны болдырмайды және температураның реттелуі мен қалпына келуін оңтайландырады;
  • СО2 мен О2 газдары бөлек реттеледі, қымбат аралас газдар қажет емес;
  • ауа үнемі HEPA/VOC сүзгілерімен және ультракүлгін сәулеленумен тазартылып тұрады;
  • үлкен жарықдиодты LED-дисплей;
  • үстіңгі әйнек қақпақтарды жазбалар үшін пайдалануға болады;
  • температура, газ концентрациясы мен қысымы сияқты параметрлердің қалыпты шектен тыс шыққандығын хабарлайтын дыбыстық және визуалды ескертулер бар.
  • Жалпы өлшемдері (ҰхЕхБ) – 700х580х150 мм;
  • Тостағандардың жалпы сыйымдылығы 24 дана 4-қуысты тостаған, 24 дана Ø 60 мм Петри тостағандары, 48 дана Ø 35 мм Петри тостағандары. Оңтайландырылған қыздыру плиталары түрлі тостағандармен жұмыс істеуге бейімделген: мысалы, Falcon, LifeGlobal/GPS, Nipro, Nunc, SparMED, Vitrolife;
  • Электр қуаты – 115/230 В, 50/60 Гц;
  • Электр тұтыну – 280 Вт;
  • Температура диапазоны – 25°С-40°С;
  • Газ шығыны (СО2) – ˂ 2 л/сағ;
  • Газ шығыны (N2) – ˂ 12 л/сағ;
  • СО2 бақылау диапазоны – 1,9-10%;
  • О2 бақылау диапазоны – 5-20%;
  • Кіріс газының қысымы (СО2) – 0,6 бар;
  • Кіріс газының қысымы (N2) – 0,6 бар;
  • Таза салмағы – 35 кг;
  • Қаптамадағы салмағы – 40 кг;
  • Қаптама өлшемдері – 840х735х300 мм.

Мыс немесе пластик (медициналық пластик) түтіктерінің көмегімен CO2 және N2 газ желілерін тарту қажет.

БІЗДІҢ БРЕНДТЕР

Кері қоңырауға тапсырыс беру