ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІ
Өндіруші: METEKA GmbH, Аустрия.
Ұсынылатын нұсқалар: MEDISTER 10 және MEDISTER 10Essential (8 л.), MEDISTER 20 (20 л.), MEDISTER 60 (30 л.), MEDISTER 160 (60 л.).
Инфекцияланған қалдықтарды залалсыздандыруға арналған жүйелік шешім
Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған MEDISTER үстел үсті жоғары жиілікті (ЖЖ) қондырғылардың көмегімен инфекцияланған қалдықтар орындарда қауіпсіз, жедел әрі экономикалық тиімді жолмен залалсыздандырылады. Нәтижесінде медициналық қалдықтар қарапайым тұрмыстық қоқыстар сияқты қауіпсіз қалдықтарға айналады.
Қалдықтарды залалсыздандыруға арналған үстел үсті ЖЖ-қондырғысы. Қалдықтарды өңдеудің сенімді және сертификатталған MEDISTER технологиясы келесі артықшылықтарымен ерекшеленеді:
Қалдықтарды өңдеудің ең жоғары сенімділігі:
· Арнайы микротолқынды технология құрамы бірыңғай емес қалдықтардың да біркелкі қызуын қамтамасыз етеді
· Жылу/бу тікелей ылғал не ылғалдандырылған қалдықтардан қалыптасып шығады.
Инфекциядан қорғаныс:
· Қалдықтарды жинау, тасымалдау және залалсыздандыру бір ғана MEDITAINER контейнерінде жүзеге асырылады
· MEDITAINER контейнерлер жүйесі науқастарды, медицина қызметкерлерін және қалдықтарды жоюмен айналысатын қызметшілерді жарақаттану мен инфекциядан қорғайды.
Жұмысты оңай әрі ыңғайлы басқару:
Экономикалық және экологиялық тиімділік:
Бағдарламалық жасақтаманың кешенді құжаттамасы:
Құқықтық қауіпсіздік:
METEKA гигиена және инфекцияның алдын алу жүйесі денсаулық сақтау мекемелері, зертханалар, ғылыми орталықтар мен өнеркәсіп кәсіпорындарындағы инфекцияланған қалдықтарды басқарудың кешенді шешімі болып табылады:
Инфекцияланған қалдықтар ішіне алдын ала қоқыс қапшығы салынған және зақымдануға төзімді MEDITAINER қоқыс контейнеріне жиналады. MEDITAINER контейнеріне жиналған қалдықтар залалсыздандыру қондырғысына жеткізіледі. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған MEDISTER ЖЖ-қондырғысының көмегімен қалдықтар дәл сол жинау үшін қолданылған қоқыс контейнерінде өңделеді. Еш инфекцияланған қалдықтар жиналған орындарынан тыс шықпайды!
Өңдеуден кейін дезинфекцияланған қалдықтары бар қоқыс қапшығы қарапайым тұрмыстық қалдықтар сияқты жойылады, ал MEDITAINER контейнерлері қайта пайдалануға жатады.
Залалсыздандырудын сертификатталған және дәлелденген тиімділігі
Жоғары жиілікті қыздыру арқылы заласыздандыру технологиясы A, B, C тиімділік диапазонына жетіп (Роберт Кох институтына сәйкес), төзімділігі жағынан I-IV сатыдағы микроағзаларды жояды [үлгі штамы: bacillus atrophaeus (subtilis) споралары, микроағзалардың азаю дәрежесі >5 log10].
Жойылатын микроағзалар:
· Барлық вирус түрлері: мысалы, А, В, С гепатиттері, АИВ, полиомиелит, Эбола, SARS, MERS және т.б.
· Барлық вегетативті бактериялар: мысалы, ішек таяқшасы, стафилококктар, стрептококктар, туберкулез микробактериялары, сондай-ақ күйдіргі, сіреспе, тырысқақ пен сүзек қоздырғыштары және т.б.
· Сібір жарасы бациллаларының споралары