ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІ
Инфекцияланған қалдықтарды залалсыздандыруға арналған жүйелік шешім
Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған MEDISTER жоғары жиілікті (ЖЖ) қондырғылардың көмегімен инфекцияланған қалдықтар орындарда қауіпсіз, жедел әрі экономикалық тиімді жолмен залалсыздандырылады. Нәтижесінде медициналық қалдықтар қарапайым тұрмыстық қоқыстар сияқты қауіпсіз қалдықтарға айналады.
Қалдықтарды өңдеудің сенімді және сертификатталған MEDISTER технологиясы келесі артықшылықтарымен ерекшеленеді:
Қалдықтарды өңдеудің ең жоғары сенімділік деңгейі:
· Арнайы микротолқынды технология құрамы бірыңғай емес қалдықтардың да біркелкі қызуын қамтамасыз етеді
· Жылу/бу тікелей ылғал не ылғалдандырылған қалдықтардан қалыптасып шығады
Инфекциядан қорғаныс:
· Қалдықтарды жинау, тасымалдау және залалсыздандыру бір ғана MEDITAINER контейнерінде жүзеге асырылады
· MEDITAINER контейнерлер жүйесі науқастарды, медицина қызметкерлерін және қалдықтарды жоюмен айналысатын қызметшілерді жарақаттану мен инфекциядан қорғайды
Жұмысты оңай әрі ыңғайлы басқару:
Экономикалық және экологиялық тиімділік:
Бағдарламалық жасақтаманың кешенді құжаттамасы:
Құқықтық қауіпсіздік:
METEKA гигиена және инфекцияның алдын алу жүйесі денсаулық сақтау мекемелері, зертханалар, ғылыми орталықтар мен өнеркәсіп кәсіпорындарындағы инфекцияланған қалдықтарды басқарудың кешенді шешімі болып табылады.
Қалдықтарды жинау
Инфекцияланған қалдықтар пайда болған орындарында көп мақсатты әрі зақымдануға төзімді MEDITAINER қоқыс контейнерлеріне жиналады. Қалдықтарды жинау мен тасымалдауға арналған MEDITRANS арбаларының көмегімен қалдықтарды жинау арбаның аяқ басқышын басу арқылы «жанасусыз» жүзеге асырылады. Осының арқасында қызметкерлердің қолмен жұмыс істеуіне жол берілмей, инфекциялық агенттермен ластанудың алды алынады.
Өңдеу
MEDITAINER контейнеріне жиналған қалдықтар MEDISTER қондырғысына жеткізіледі. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған MEDISTER ЖЖ-қондырғысының көмегімен қалдықтар дәл сол жинау үшін қолданылған қоқыс контейнерінде өңделеді. Еш инфекцияланған қалдықтар жиналған орындарынан тыс шықпайды!
Қалдықтарды жою
Өңдеуден кейін дезинфекцияланған қалдықтары бар қоқыс қапшығы қарапайым тұрмыстық қалдықтар сияқты жойылады, ал MEDITAINER контейнерлері қайта пайдалануға жатады.
Жоғары жиілікті қыздыру арқылы залалсыздандыру әдісі Роберт Кох институты (Германия) сияқты көптеген тәуелсіз мекемелермен сертификатталған және мақұлданған.
Сапа мен экологиялық қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттары
- ISO 9001:2015
- ISO 14001:2015
- ISO 14040 Өмірлік циклді бағалау
- ISO 14025:2006 сәйкес Өнімнің экологиялық декларациясы
Жойылатын микроағзалар:
· Барлық вирус түрлері: мысалы, А, В, С гепатиттері, АИВ, полиомиелит, Эбола, SARS, MERS және т.б.
· Барлық вегетативті бактериялар: мысалы, ішек таяқшасы, стафилококктар, стрептококктар, туберкулез микробактериялары, сондай-ақ күйдіргі, сіреспе, тырысқақ пен сүзек қоздырғыштары және т.б.
· Сібір жарасы бациллаларының споралары
· Барлық паразиттер мен саңырауқұлақтар