«ВизаМед Плюс» ЖШС Қазақстанның кардиохирургиялық орталықтарымен тығыз ынтымақтастықта бола отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу саласындағы жабдықтау нарығының айтарлықтай үлесін қамтиды.

 

Қазақстан Республикасының кардиохирургияны дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010 жылдың қараша айында Қарағанды ​​қаласының «Облыстық кардиохирургия орталығы» МКК-да Электрофизиология зертханасы ашылды. Зертхананы іске қосу барысында мастер-класс өткізіліп, 34 Жүректің электрофизиологиялық зерттеуі мен Радиожиілік абляциясы өткізілді.

 

18 ота жасау орнына арналған жапсарлай тұрғызылған бөлімшені жабдықтау. 2011 жылы Қарағанды ​​қаласының «Облыстық кардиохирургия орталығында» 18 ота жасау орнына арналған жапсарлай тұрғызылған бөлімше пайдалануға берілді. «ВизаМед Плюс» ЖШС бұл жапсарлас ғимараттың барлық бөлмелерін, соның ішінде зертхананы, ота жасау, жан сақтау мен науқастар бөлмелерін толыққанды жабдықтады. Бұл мекемеде ламинарлы ағындар мен таза бөлмелер алғаш рет жұмыс істей бастады.

 

«ВизаМед Плюс» ЖШС «Экстракорпоральді ұрықтандыру» бағыты бойынша жабдықтау нарығының айтарлықтай үлесін қамти отырып, барлық ЭКҰ зертханаларымен, соның ішінде «Центр ЭКО» клиникасы (Алматы қ.), «ЭКО MED» клиникасы (Алматы, Астана), «АКЖАН» клиникасы (Қарағанды қ.), PRIVAT CLINIC (Алматы қ.), «ЦИМ» клиникасы (Израиль медицина орталығы) сияқты Қазақстанның озық орталықтарымен жұмыс жасап келеді. 2010 ж. компания ЦИМ клиникасындағы ЭКҰ бөлімшесін толыққанды жабдықтап, іске қосты.

 

2012 ж. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының «№3 қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК мекемесінде «ВизаМед Плюс» ЖШС-нің белсенді қатысуымен өңірдегі алғашқы әрі жалғыз Репродукция бөлімшесі (ЭКҰ бөлімшесі) сәтті ашылды. Мамандардың болжамына сәйкес, бұл жәйт өңірдегі бала туу көрсеткішін жыл сайын 4%-ға арттырып отыруға мүмкіндік берді. Бастапқыда өңірдің 400-ден астам жұбы мұндай емделуді қажет етті делінеді.

 

2012 ж. «ВизаМед Плюс» ЖШС Қарағанды ​​қаласындағы негізгі бағыты бедеулік мәселелерін шешу болып табылатын «АКЖАН» клиникасын жабдықтауға белсенді қатысты.

БІЗДІҢ БРЕНДТЕР

Кері қоңырауға тапсырыс беру