Сізді біздің веб-сайтымызда көруге қуаныштымыз және біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
«ВизаМед Плюс» ЖШС 2004 жылдан бері Қазақстан Республикасының тұрақты компаниясы болып келеді.
Компанияның негізгі қызметі – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының медициналық және ғылыми мекемелерінің мамандырылған зертханаларын жабдықтау мен инновациялық медициналық технологияларды ендіру.
Біздің мақсатымыз – медициналық мекемелерді халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуі үшін соңғы технологиялармен қамтамасыз ету, медициналық технологиялар трансфері бойынша қолдау көрсету, сондай-ақ отандық мамандар мен Еуропаның, Израильдің, Ресейдің жетекші шетелдік мамандарының тәжірибе және білім алмасуына ықпал ету.
«ВизаМед Плюс» ЖШС келесі негізгі бағыттар бойынша кешенді шешімдерді ұсынады:
· Көмекші репродуктивті технологиялар – ЭКҰ клиникалары/бөлімшелері (эмбриология зертханалары мен криоқоймаларды жабдықтау): жабдықтар, шығын материалдары, реагенттер, қоректік орталар, хирургиялық құралдар.
· Андрология – ер адамдардың бедеулігінің себептерін бағалауға арналған жабдықтар мен шығын материалдары: ДНҚ фрагментациясы мен IgA/IgG анықтауға арналған тестілер (SFT Kits), Маклер камерасы (Sperm Meter), жабдықтар мен аксессуарлар (ДДСҰ, 6 басылым).
· Сұйық цитология – цитологиялық материалдарды қос мембраналы сүзгіш әдісімен және жатыр мойны, эндометрий, қалқанша без, сүт безі, қуық, бүйрек, өкпе обырларының диагностикасына арналған реагенттер жиынтықтарының көмегімен өңдеуге арналған слайд-процессор.
· Цитогенетикалық зерттеулер – негізгі туа біткен даму кемістіктерінің преимплантациялық, пре- және постнатальды диагностикасы, сондай-ақ ісіктер мен онкогематологиялық аурулардың диагностикасы (FISH).
- Молекулярлық-генетикалық жоғары технологиялы диагностика:
– aCGH – SureScan Microarray сканері – ЭКҰ бағдарламалары аясында анеуплоидия мен микроделецияның преимплантациялық диагностикасына, хромосомалық аномалиялардың пренаталды диагностикасына, даму бөгелістері мен ақыл-ой кемтарлығының постнаталды диагностикасына, сондай-ақ дің жасушаларындағы жасушалық сызықтардың геномдық «тазалығын», молекулярлы онкологияны және ДНҚ көшірмелеріндегі вариацияларды зерттеуге (CNV) арналған молекулярлы кариотиптеу мен микрочиптеуді жүргізу;
– Agilent 2100 биоанализаторы – нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың сапасын бақылаудың алтын стандарты;
– Аgilent ТapeStation 4150 және 4200 жүйелері – ДНҚ және РНҚ талдауына арналған автоматтандырылған капиллярлы электрофорез.
- Патоморфология:
– гистологиялық зертханалар – жоғары технологиялы жабдықтар, реагенттер мен шығын материалдары, молекулярлы патологияға арналған автоматтандырылған жұмыс станциялары, соның ішінде иммуногистохимияға арналған заманауи технологиялар, слайдттардың гистопатологиялық нәтижелерінің автоматтандырылған интерпрентациясы;
– сот-медициналық сараптама мекемелері, патологоанатомиялық бөлімшелер мен мәйітханалар – әлемдік өндірушілердің денелерді сақтауға, тасымалдау мен кесуге, сонымен қатар биопсиялық, аутопсиялық және хирургиялық материалдардың патоморфологиялық зерттеулерін жүргізуге арналған заманауи мамандандырылған патологоанатомиялық жабдықтар;
– патологоанатомиялық зертханалық ақпараттық жүйе (ПЛИС) – бағдарламалық жасақтаманы орнату, ендіру және толық сүйемелдеу; пациенттер, медициналық жабдықтар мен шығын материалдарын тіркеуді, кадрлық есепті және әкімшілік-шаруашылық қызметті автоматтандыру; патологоанатомиялық зертханалардың қызметін автоматтандыру; дәрігерлік шешім қабылдауды қолдауға арналған жүйелер мен технологияларды, телемедициналық және жасанды интеллект технологияларын дамыту.
- Хирургиялық күш жабдықтары – заманауи эргономикалық электрохирургиялық құралдардың жетекші еуропалық өндірушісінің өнімдері. Өнімдер негізінен травматология мен ортопедия салаларына бағытталған. Сонымен қатар артроскопия, жақ-бет/отоларингология хирургиясына, кардиоторакальды, нейро және пластикалық хирургия мен аутопсияға арналған электр құралдары да ұсынылады.
· Ауаны залалсыздандырудың инновациялық шешімі – патенттелген «ПОТОК®» технологиясы:
– барлық бактерия мен вирус түрлерінің (соның ішінде коронавирустардың), саңырауқұлақ пен ашытқы спораларының физикалық жойылуы – тиімділігі кем дегенде 99%;
– қызмет ету мерзімі – кем дегенде 10 жыл, фильтрация тиімділігі Е11-Н14 класстарының сүзгілеріне сәйкес келеді;
– жүйе қызметкерлердің қатысуымен үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс етеді.
· Инфекцияланған қалдықтарды қауіпсіз әрі қоршаған ортаға зиянсыз басқару – «МЕТЕКА»:
– инфекциялардың таралуының алдын алу және инфекцияланған қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу;
– инфекцияланған қалдықтарды өңдеудің ең жоғарғы сенімділік деңгейі;
– залалсыздандыруға арналған қондырғылардың оңай әрі тез орнатылуы;
– экономикалық тиімділік және экологиялық қауіпсіздік, құқықтық нормалардың сақталуы;
– залалсыздандыру барысының бақылануы мен нәтижелердің құжаттануы.
Компанияның артықшылығы – толыққанды жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша кешенді жобаларды әзірлеп, оларды сервистік, кепілдік және кепілдіктен кейінгі мерзімдегі қызмет көрсету мен әрі қарай консультациялық қолдаумен қамтамасыз ету.
Сертификатталған сервистік инженерлеріміз орнату және монтажға қойылған талаптардың тізбесін алдын ала ұсынады, орнату алдындағы сараптаманы жүргізіп, құрылғыларды орнатуды, техникалық баптауды, іске қосуды және сынауды, сондай-ақ оны пайдалану бойынша оқытуды жүзеге асырады.
«ВизаМед Плюс» ЖШС-ін таңдасаңыз, қойылған мақсаттарыңыздың заманауи кешенді шешімдеріне, жоғары сапалы сервиске, сонымен қатар денсаулық сақтау саласының тиімділігі мен пациенттеріңіздің сауығуына үлесін қосуға қабілетті сенімді әрі жоғары білікті серіктеске ие боласыз!
Біз сіздің баға мен сапаның оңтайлы тепе-теңдігімен ерекшеленетін сенімді және жоғары сапалы қызметке қол жеткізуіңіз үшін қолда тұрғанның барлығын жасауға тырысамыз.
Кәсіби біліктілік пен жауапкершілік – біздің жетістігіміздің кепілі!!!
































