2022 жылы 27-28 қазанда Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) «ШЕКАРАСЫЗ ДОСТАСТЫҚ» атты алғашқы Еуразиялық форум өтті.  

 

Форумға қатысқан мемлекеттер: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы.

 

Іс-шараның мақсаты – ғалымдар мен медициналық мамандар ғана емес, сондай-ақ заң шығарушы мен атқарушы билік өкілдерінің арасында орфандық аурулардан азап шегуші науқастардың мүдделері үшін тәжірибе алмасу.

 

Форум барысында қатысушылар орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға, форумға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау ұйымдастырушыларының практикалық тәжірибесінен үлгі алуға мүмкіндік алды. 

 

Форум аясында келесі шаралар ұйымдастырылды:

  • форумға қатысушы елдерде медициналық-генетикалық қызметтердің пәнаралық өзара әрекеттестігін ұйымдастыру бойынша тәжірибемен алмасу секциялары;
  • сандық технологиялар мен ЕЭО мамандарының кросс-консультациялары бойынша, генетик-дәрігерлердің қызметінде аспаптық зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндіктері бойынша сессия;
  • ЕЭО елдерінің мемлекеттік билік органдары өкілдерінің орфандық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатындағы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  мемлекетаралық өзара әрекеттестік перспективаларын талқылау бойынша пікірталасы;
  • ЕЭО мемлекеттеріндегі орфандық аурулары бар науқастарды диагностикалау, емдеу және оңалту бағдарламаларының қолжетімділігін талқылауға арналған дискуссиялық дөңгелек үстелдер;
  • пренатальді және неонатальді скринингті ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша сессиялар;
  • тұқым қуалайтын аурулары бар науқастарды қарау бойынша жетекші мамандардың мастер-класстары.

Форумның жұмысына келесі мамандар қатысты: дәрігер-генетиктер, неотологтар, педиатрлар, офтальмологтар, кардиологтар, травматолог-ортопедтер, терапевттер, ревматологтар, гастроэнтерологтар, эндокринологтар, неврологтар, пульмонологтар, балалар психиатрлары, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, сондай-ақ форумға қатысушы мемлекеттердің заң шығарушы мен атқарушы билік өкілдері.

Форумның нәтижесінде Медициналық генетиктердің Еуразиялық қауымдастығы құрылды.

Бұл ұйым генетикалық орфандық ауруларды диагностикалау, клиникалық зерттеу мен емдеуге арналған халықаралық ғылыми бағдарламаларды даярлауға бағытталған.

Ұйымды құрудың негізгі мақсаты – ЕЭО, ШЫҰ, АСЕАН, БРИКС және жалпы Еуразиялық өңір мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласының мамандары мен ғалымдарының қатысуымен генетикалық орфандық аурулары бар науқастардың мүддесіне арналған халықаралық ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік және білім беру жобаларын жетілдіру.

 

«ВизаМед Плюс» ЖШС демеушілердің бірі бола отырып, іс-шараға өз үлесін қосты.